1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысының білім басқармасының Степногрск қаласы бойынша білім бөлімі Қырық Құдық ауылының жалпы орта білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесі» Заңды мекенжайы: Степногорск қаласы, Қырық құдық ауылы Ы.Алтынсарина көшесі 11.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:
Ақмола облысында білім беру саласында 12 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2025 жылы білім бөлімі және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдары 59 қызмет көрсетті;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін –0 қызмет;
ЭҮП арқылы электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 18 қызмет;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 41 қызмет.
Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2024 жылы 72 қызмет көрсетті;
электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетілді - 17 қызмет;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 59 қызмет.

2. Қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат білім бөлімінің https://sc0025.stepnogorsk.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754 ресми интернет ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде. Білім бөлімі мен ведомствоға бағынысты ұйымдармен нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі, орта, арнаулы білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.
Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас басқармасының жүйесі жұмыс істейді, оларда 12 мемлекеттік қызметтер қолжетімді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.
5. Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2026 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2026 жылы білім бөлімі мен ведомствоға бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.
Басшы Е.Темирбек